Тоқаев ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті

Тоқаев ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 15:56 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құрама боксшыларымен әңгімелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жеңістеріңіз құтты болсын! Бокспен тек мықты, күш-жігері мол адамдар шұғылданады. Бұл – ерекше спорт. Баршаңызға сәттілік тілеймін. Мемлекет әрқашан сіздерді қолдайды. Қазақстанда бокстың келешегі зор болатынына ешқандай күмәнім жоқ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент спортшылармен естелік суретке де түсті.

Сурет: akorda.kz

Айта кетейік, бүгін, 6 шілдеде Астанада бокстан Әлем кубогы кезеңінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр.

Қазақстан құрамасының атынан ақтық сынға 12 боксшы жолдама алды. Екі сессия аясында жүлделер сарапқа салынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: