Қазақстандық ауыр атлет Астанада өткен Азия чемпионатында сенсация жасады

Қазақстандық ауыр атлет Астанада өткен Азия чемпионатында сенсация жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2025 10:45 Сурет: ҚР ҰОК
Әлихан Әскербай үш әлем рекордын жаңартып, ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰОК мәліметіне сүйенсек, қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар спортшы үш Азия рекордын және үш әлем рекордын жаңартты.

"Қоссайыстың қорытындысы бойынша қазақстандық зілтемірші 310 (141+169) келіні еңсерді. Жасөспірімдер арасындағы жарыста ол бірінші орынға ие болды",- деп жазды ведомство.

Сондай-ақ, Әлихан Әскербай жастар арасындағы Азия чемпионатында да жүлдегер атанып, қола медальді еншіледі.

Айта кетейік, бұған дейін ел қоржынына екі медальді Ксения Прозорова салған болатын. Ол U17 санатында бірінші орынға ие болып, 20 жасқа дейінгі атлеттер арасында күміс жүлдегер атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: