Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатының рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды

Қазақстандық ауыр атлеттер Азия чемпионатының рекордын жаңартып, жеңімпаз атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2025 22:29 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы да медальдармен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлық үш жүлдені де 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жігіттер иеленді.

17 жасқа дейінгі атлеттер арасындағы жарыста Нұржан Жұмабай тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 315 келіні көтерді. Сонымен қатар серпе көтеруде Азия рекордын жаңартты - 175 келі. Ал, жұлқа көтеруде Нұржан 140 келіні бағындырды.

U20 санатындағы Азия чемпионатында Едіге Ембердіге тең келер ешкім болмады. Ол да серпе көтеруде құрлық рекордын орнатты — 194 келі. Жұлқа көтеруде 153 келіні еңсерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша 347 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

U20 жарысында екінші орынды қазақстандық Ақжол Құрманбек иеленді. Ол қоссайыста 343 (151+192) келі нәтижесін көрсетті.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: