Ауыр атлет Нұржан Жұмабай Азия рекордын жаңартып, жасөспірімдер Азиядасында жеңімпаз атанды

Ауыр атлет Нұржан Жұмабай Азия рекордын жаңартып, жасөспірімдер Азиядасында жеңімпаз атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 20:15 Сурет: olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұржан Жұмабай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен спортшы жұлқа көтеруде алтын медаль жеңіп алды.

Жұмабай ең сәтті мүмкіндігінде 146 келіні көтеріп, жасөспірімдер арасында Азия және Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Екінші орын Бахрейн өкілі Эдриан Граньяға (142 келі) бұйырды. Үшінші нәтиже көрсеткен Түрікменстан спортшысы Дидарбек Джумабаев (138 келі) қола жүлдегер атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: