Триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы: Қазақстан бір алтын, бір қола медаль қанжығалап үлгерді
Сурет: olympic.kz
19-20 шілде аралығында Малайзияның Кампар қаласында триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандастарымыз жарыстың бірінші күнінде-ақ жеңіс тұғырынан көріне білді.
Рамазан Айнегов 00:58:46 уақыт көрсеткішін тіркеп, чемпион атанды. Тағы бір жерлесіміз Елмұрат Қанай 00:59:02 нәтижемен үшінші орынды иеленді. Ал күміс жүлде Сеймур Энтониге (Түркия) бұйырды - 00:58:56.
Айта кетейік, аталмыш жарысқа 15 елден 60 спортшы қатысуда.
Бұған дейін Александр Бублик Гштадтағы ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыққан болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript