Жазғы Универсиада-2025: Қазақстан спортшылары тағы екі қола медаль иеленді

Қазақстан спортшылары, қола медаль, Жазғы Универсиада-2025, аралас құрама, Аман Бақытжан, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2025 22:42 Сурет: Qazsport.kz
Германиядағы Рейн-Рур өңірінде қазақстандық спортшылар қатысып жатқан жазғы Дүниежүзілік студенттік ойындар өз жалғастығын табуда. Алтыншы жарыс күні таэквондодан Қазақстан әйелдер құрамасынан бөлек аралас команда да марапатқа ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған спорт түрінен елімізді 2025 жылғы Универсиада чемпионы Самирхон Абабакиров, ағымдағы жарыстардың қола жүлдегері Бейбарыс Қабылан, сондай-ақ Назым Махмутова мен Айдана Сүндетбай танытты. Қола жүлде үшін таласта олар жеңіске жетті.

Сондай-ақ Германиядағы ойындарда дзюдошылар жарыс жолын бастады. Қазақстан құрамасының өкілі Аман Бақытжан үшінші орынды иеленді. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальды сарапқа салуда жерлесіміз грузиядан балуанмен белдесті.

Осылайша, қазіргі уақытта қазақстандық команданың қоржынында тоғыз медаль бар: бір алтын және сегіз қола.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: