Заңғар Нұрланұлы Челленджер турнирінде алғаш рет өнер көрсетті

Заңғар Нұрланұлы Челленджер турнирінде алғаш рет өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 12:34 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Астанада Президент кубогы үшін теннистен халықаралық ATP Challenger Tour турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдастырушылардан арнайы шақырту алған 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы челленджер жарысында алғаш рет өнер көрсетті.

Тырнақалды кездесуінде Заңғар тәжірибелі теннисші, кезінде әлемдік рейтингіде 50-орынға дейін көтерілген, қазіргі кезде 387-сатыда тұрған, турнирдің 8-ракеткасы, литвалық Ричардас Беранкиспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық жас теннисші 2:6, 2:6 есебімен есе жібергеніне қарамастан, ересектер арасында өзінің шама-шарқын байқап көрді.

Беранкис — Литва теннисінің жарық жұлдызы, жасөспірімдер арасында 2007 жылғы US Open жеңімпазы, өз елінің тарихында ТОП-100-ге кірген жалғыз ойыншы. Ол 2014 жылы Астана Президент кубогы, 2017 жылы Шымкентте челленджер додасында топ жарды.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы Челленджер турнирінде Қазақстан намысын кімдер қорғайтынын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: