Қазақ балуаны әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Қазақ балуаны әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.08.2025 23:15 Сурет: uww.org
2 тамыз күні Дінмұхаммед Қасымбек 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына еркін күрестен алғашқы медальді сыйлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz жазуынша, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күрескен Қасымбек қола медаль үшін болған тартысты белдесуде молдовалық Иван Паслариді 5:4 есебімен жеңді.

Белдесу тартысты өтті, бірақ Қасымбек соңғы сәтте жеңісті жұлып алып, төреші оның қолын көтерді.

Бұл медаль – Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы еркін күрестен алғашқы жетістігі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: