Жүзуші Максим Сказобцов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды

Жүзуші Максим Сказобцов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында медальға бір қадам жетпей қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2025 18:20 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық жүзуші Максим Сказобцов Румынияның Отопень қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екі финалға қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде медальға бір қадам жетпей қалды. Ол төртінші болып мәреге жетті.

Сондай-ақ Максим Сказобцов пен Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде де финалға шықты.

Бұл сында Максим бесінші, ал Жұмағұлов сегізінші орын алды.

Еске салайық, бұған дейін жүзуші Максим Сказобцов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалына шыққанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: