"Қайрат" футболшылары Чемпиондар лигасы жеребесінің нәтижесін қалай қабылдады
Сурет: Zakon.kz
Оған дейін клуб парақшасында спортшылар арасында сауалнама өтіп, олар осы маусымда қай клубтармен ойнағысы келетінін атаған еді.
Ең көп аталғандары – "Реал Мадрид", "Барселона", "Арсенал" және "Интер".
Жеребе тарту барысында "Қайратқа" осы командалардың үшеуі қарсылас болып түсті.
Еске салайық, 28 тамыз күні Монакода УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне арналған ресми жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Қазақстанның чемпионы "Қайрат" алдағы қарсыластарын білді.
Алматылық клубтың сегіз қарсыласының ішінде ең бастысы – әлемдегі ең титулды команда мадридтік "Реал". Корольдік клуб Алматыға қонаққа келеді.
Екінші мықты қарсылас – 2025 жылғы Чемпиондар лигасының финалисі миландық "Интер". Итальяндықтармен кездесу сырт алаңда өтеді.
Сонымен қатар "Қайраттың" қарсыластары: "Арсенал" (Англия) – матч Лондонда, "Брюгге" (Бельгия) – Алматыда, "Спортинг" (Португалия) – қонақта, "Олимпиакос" (Грекия) – Алматыда, "Пафос" (Кипр) – Алматыда, "Копенгаген" (Дания) – Данияда.