Елена Рыбакина бұрынғы бапкерінің оралуына қатысты пікір білдірді

Елена Рыбакина бұрынғы бапкерінің оралуына қатысты пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.08.2025 16:10 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирде Эмма Радукануды жеңген соң баспасөз мәслихатын өткізіп, өзінің қазіргі жағдайы мен бапкерлік құрамындағы өзгерістер жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Теннисші биыл жаңа бапкермен жұмыс істеуге тырысқанымен, алғашқы нәтижелер көңіл көншітпегенін айтты.

Алайда қазіргі уақытта жағдай оңалып, командамен біртіндеп үйлесім табылып жатқанын атап өтті.

"Қазір бәрі әлдеқайда жақсы, ешқандай проблема жоқ, соған өте қуаныштымын. Турнирлер арасында уақыт аз болғанымен, жалпы жұмыстың барысына көңілім толады. Стефаноның бапкерлік боксқа оралуы көп көмек береді. Команданың толық қолдауы өте маңызды. Бізде ешқашан проблема болған жоқ", - деді Рыбакина.

Айта кетейік, хорватиялық бапкер Стефано Вукич 2025 жылдың басында спортшыға дөрекі қарым-қатынас жасады деген айыппен уақытша шеттетілген болатын.

Алайда тамыз айында WTA ұйымы апелляция нәтижесінде оның дисквалификациясын алып тастады.

Еске салайық, бұған дейін Рыбакина АҚШ чемпионын ойсырата жеңіп, US Open-нің төртінші айналымына шыққанын хабарлаған едік.

Ол барлық "Үлкен дулыға" турнирінде жеке сында 1/8 финалға шыққан алғашқы қазақстандық теннисші атанды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: