Анна Данилина US Open турнирінің 1/8 финалына шықты

Анна Данилина US Open турнирінің 1/8 финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2025 17:08 Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге АҚШ-та өтіп жатқан US Open турнирінде жұптық сайыстың үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымда олар румын-латвиялық дуэт — Моника Никулеску мен Анастасия Севастованы сенімді түрде 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Бірінші айналымда Данилина мен Крунич хорватиялық Антония Рузич пен нидерландылық Бибиана Схофсты 6:1, 6:1 есебімен ойсырата жеңген еді. Бұл кездесу бар болғаны 1 сағат 3 минутқа созылды.

Айта кетейік, Анна Данилина қазіргі таңда WTA рейтингінде әйелдер арасындағы жұптық сында әлемнің 10-шы ракеткасы әрі Қазақстанның үздігі саналады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы АҚШ-тағы ашық чемпионаттың төртінші кезеңіндегі матчын өткізіп, чехиялық Маркета Вондроушовадан (WTA №60) 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жеңілгенін жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: