Занғар Нұрланұлы US Open-2025 жасөспірімдер турнирінде тағы бір сенсация жасады
Сурет: ФТК РК
Қазақстандық теннисші Занғар Нұрланұлы 4 қыркүйекте US Open-2025 жасөспірімдер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz
Sportarena.kz мәліметінше, ширек финалда 17 жастағы спортшы ресейлік Тимофей Дерепасконы 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды. Бұл екі спортшы арасындағы алғашқы кездесу болды.
Финалға шығу үшін Нұрланұлы болгариялық Иван Иванов пен германиялық Максим Шёнгаус арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Бұған дейін Занғар Нұрланұлы АҚШ-тағы жасөспірімдер арасындағы Ашық чемпионаттағы сенсациялық жолын жалғастырып, әлемнің ең үздік жас теннисшілерінің бірі, ITF Juniors рейтингінің сегізінші ракеткасы, алтыншы нөмірлі Оскари Палданиусты жеңгені хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript