Бокстан ӘЧ-2025: 7 қыркүйекте Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай шаршы алаңға шығады

Нұрбек Оралбай, бокс, 7 қыркүйек, Ұлыбритания, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2025 13:26 Сурет: Қазақстан бокс федерациясы
7 қыркүйекте бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бес қазақстандық боксшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана уақытымен 15:00-де басталатынын күндізгі бағдарламада 55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мексикалық Брайан Ортиспен жұдырықтасады.

Ал 80 келіге дейінгі салмақта Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Матвей Ражбамен (Украина) кездеседі.

Кешкі бағдарлама Астана уақытымен 22:00-де басталады

Карина Ибрагимова (57 келіге дейін) өзінің әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегін Элис Глинға (Ұлыбритания) қарсы өткізеді.

70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова үндістандық Санамача Чокчоммен қолғап түйістіреді.

Ал 65 келіге дейінгі салмақта Ертуған Зейнуллиновтың алғашқы қарсыласы Уго Грау (Франция) болмақ.

Бұған дейін кеше, 2025 жылы 6 қыркүйекте шаршы алаңға шыққан төрт отандасымыздың үшеуі алғашқы жек-жекте жеңіске жеткенін жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: