Нұрбек Оралбай мен Сағындық Тоғамбай өзбек боксшыларынан жеңіліп қалды

Нұрбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, өзбек боксшылары, бокс, әлем чемпионаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2025 20:22 Сурет: ҚР ҰОК
80 келіге дейінгі салмақтағы Нұрбек Оралбай мен 90 келіге дейінгі салмақтағы Сағындық Тоғамбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын медальсіз аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз Нұрбек Оралбай 1/4 финалда Жавохир Уматалиевтен (Өзбекстан) жеңіліп қалды.

Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Сағындық Тоғамбай болса, 90 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында өзбекстандық Турабек Хабибуллаевпен қолғап түйістірді. Өзбек боксшысы алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша Турабек Хабибуллаев (Өзбекстан) жеңіске жетті.

Бұған дейін Төрехан Сабырхан мен Махмұд  Сабырханның бокстан Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалға шығып, жүлдегер атанып үлгергендерін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: