16 жастағы қазақстандық бойжеткен 13 дүркін әлем чемпионын жеңіп, сенсация жасады

Қазақстандық спортшы Ұлболсын Елмұрат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2025 11:16 Сурет: Facebook/WAF
Қазақстандық 16 жастағы спортшы Ұлболсын Елмұрат Болгарияда өткен қол күресі (армрестлинг) турнирінде әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Meta-ratings.kz дерегінше, финалда Ұлболсын армрестлингтен 13 дүркін әлем чемпионы, словакиялық Лусия Дебранованы айқын жеңіп шықты.

Жарыста ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасына тағы үш алтын медальды ағайынды Ибрагимдер сыйлады: 14 жастағы Бекнұр, 15 жастағы Азамат және 18 жастағы Әділет. Олар өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.

Бұған дейін Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды Астана әуежайында зор қошеметпен қарсы алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: