Жарақат алған "Реал" капитаны Алматыдағы ойынға қатыспауы мүмкін

Дани Карвахаль, Реал Мадрид, капитан, жарақат, Қайрат, матч, футбол, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2025 15:46 Сурет: Instagram/realmadrid
"Реал Мадрид" футбол клубының басты қорғаушысы және капитаны Дани Карвахаль жарақат алып қалды. Ол алдағы "Қайратпен" болатын матчқа қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Реал Мадрид" Instagram-дағы парақшасында өз капитандарының жарақат алғанын ресми түрде растады.

"Бүгін "Реалдың" медициналық бөлімі жүргізген талдаулар қорытындысы бойынша Дани Карвахалға оң аяғының бұлшықет жарақаты диагнозы қойылды. Оның қалпына келу жағдайы бақылауға алынады", делінген хабарламада.

Инсайдер Фабрицио Романоның айтуынша, диагноз қойылғаннан кейін Дани Карвахаль келесі 4 аптада алаңға шықпайды. Ал бұл дегеніміз "Реал Мадридтің" капитаны "Қайратпен" арадағы ойында бас көрсете қоймайды.  

27 қыркүйекте  "Реал" тарихи қарсыласы – "Атлетикадан" 5-2 есебімен жеңіліп қалды.

30 қыркүйекте, сейсенбіде сағат 21:45-те Алматының орталық стадионында "Қайрат" пен "Реал Мадридтің" тарихи ойыны өтеді.

Бұған дейін алматылық жас жанкүйер "Қайрат" пен Реалдың" кездесетінін төрт жыл бұрын болжағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: