Мажарстанда өткен ауқымды турнирде қазақстандық гимнаст жеңіс тұғырынан көріне білді

Мажарстанда өткен ауқымды турнирде қазақстандық гимнаст жеңіс тұғырынан көріне білді , сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 10:34 Сурет: Instagram/qaz_team_official
Мажарстанның Сомбатхей қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында отандасымыз алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметіне сүйенсек, әлем чемпионатының қола жүлдегері, команда көшбасшысының бірі Милад Карими керме жаттығуында ешкімге дес бермеді. Ол финалда 14.750 балл жинады.

Керме жаттығуының жүлдегерлері:

  1. Милад Карими (Қазақстан),
  2. Анхель Барахас (Колумбия) 14.650 балл,
  3. Лучиано Летелиер (Чили) 14.250 балл.

Айта кетейік, Дмитрий Патанин еркін жаттығуда жеңімпаз атанған болатын. Осылайша, Қазақстан Сомбатхейдегі шешуші кезеңді 2 алтын медальмен аяқтады.

Бұған дейін "Реал" "Қайратқа" қарсы ойында өнер көрсететін футболшылар тізімін жариялағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: