Австриядағы АТР-500 турнирі: Александр Бублик алғашқы айналымда сәтті өнер көрсетті

Александр Бублик, Вена, АТР-500, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2025 20:59 Сурет: Instagram/bublik
Әлемнің 16-шы ракеткасы, қазақстандық теннисші Александр Бублик Венада өткен ATP-500 турнирінде Чили спортшысы Алехандро Табилоны бірінші айналымда жеңіп, ойдағыдай өнер көрсете білді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Матч 6:4, 6:4 есебімен аяқталып, бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Аталған турнирдің жүлде қоры 2,7 млн евроны құрайды.

Бублик алғашқы соққылардың 72%-ын сәтті жүзеге асырып, тоғыз эйс жасады. Ал теннис добын қабылдау кезінде қазақстандық теннисші 44% ұпай жинап, жеті брейк-пойнттың үшеуін іске асырды.

Бубликтің келесі қарсыласы америкалық Алекс Михельсен немесе аргентиналық Франсиско Серундоло болмақ.

Бұған дейін Бублик әлемдік рейтингіде жоғарылап, өз рекордын жаңартқан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: