Бублик Дохадағы турнирдің алғашқы айналымында Рублевке есе жіберді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Дохада (Катар) өтіп жатқан ATP 500 турнирінде әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік теннисші Андрей Рублевпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші қарсыласынан 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.
Бубликтің Рублевпен кездесуі 1 сағат 12 минутқа созылды. Андрей Рублев алты рет эйс жасап, үш қос қателік жіберді, бес брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал Александр Бублик 11 эйс жасап, төрт рет допты ойынға қоса алмады және үш брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды.
Рублевтің енді әлемнің 39-ракеткасы, португалиялық Нуну Боржешпен кездеседі.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры - 3 035 960 доллар.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript