Исламиада-2025: қазақстандық дзюдошылар Шерзод Давлатов пен Ержан Еренқайыпов финалға шықты

Исламиада-2025: қазақстандық дзюдошылар Шерзод Давлатов пен Ержан Еренқайыпов финалға шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2025 17:42 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошылар Шерзод Давлатов пен Ержан Еренқайыпов Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының алтын медалі үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

60 келіге дейінгі салмақта Давлатов жартылай финалда Мысыр өкілі Махмуд Хуссейнді жеңді.

Ал 66 келіге дейінгі салмақта Еренқайыпов жартылай финалда БАӘ спортшысы Нармандх Баянмухадан басым түсті.

63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Самалай Ерғалиева үшінші орын үшін белдеседі. Жартылай финалда ол Қырғызстан спортшысы Адина Кочконбаеваға жол берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: