Кирилл Герасименко Олимпиадада кеткен есесін қайтарып, Ислам ойындарында жеңімпаз атанды

Кирилл Герасименко Олимпиадада кеткен есесін қайтарып, Ислам ойындарында жеңімпаз атанды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 17:13 Сурет: olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Кирилл Герасименко Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасында өткен жекелей сайыстың финалында ол мысырлық Омар Ассармен кездесті.

Герасименко шешуші ойында 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Ассардан кеткен есесін қайтарды.

Еске салайық, Кирилл Герасименко мен Омар Ассар 2024 жылғы Париж Олимпиадасының 1/8 финалында да жолыққан еді. Ол кезде мысырлық спортшы жеңіске жеткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: