Әбиба Әбужақынова Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді
Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасының дзюдошысы Әбиба Әбужақынова Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінде үшінші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
48 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін өткен белдесуде Әбиба Испания спортшысы Ева Перес Солермен күресті, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Тартысты белдесуде отандасымыз жеңіске жетті. Осылайша, Әбужақынова жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Айта кетейік, алғашқы жарыс күні финалдық кезеңге тек Әбиба Әбужақынова жетті.
Бұған дейін Әбиба Әбужақынованың Абу-Дабиге баратынын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript