Абу-Дабидегі дзюдодан Grand Slam турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстан қоржынында тек бір медаль!
Сурет: olympic.kz
Абу-Дабиде (БАӘ) дзюдодан Grand Slam турнирінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Финалдық кезеңге дейін қазақстандық дзюдошылардың ешбірі жете алмады, делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
30 қарашада Ермахан Әнуарбеков (90 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Марат Байқамұров (100 келіге дейін) және Еламан Ерғалиев (100 келіден жоғары) жарыстың бастапқы кезеңінде қарсыластарына жол беріп қойды.
Осылайша, ұлттық құрама еншісінде бір ғана медаль бар. 48 келіге дейінгі салмақта Әбиба Әбужақынова қола жүлдеге ие болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript