IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды

IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2025 16:46 Сурет: olympic.kz
Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 7 желтоқсанда ел құрамасынан үш боксшы сынға түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kazinform хабарлауынша, IBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген, ал жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.

Күндізгі сессия (18:00)

57 келі. Оразбек Асылқұлов — Элизандру Саншеш да Силва (Кабо-Верде)

Кешкі сессия (22:00)

63,5 келі. Ертуған Зейнуллинов — Даваадал Алтангэрэл (Моңғолия)

70 келі. Абылайхан Жүсіпов — Арарат Арутюнян (Армения).

Айта кетейік, қазірге дейін ел құрамасынан Даниял Сәбит (51 келі), Сәкен Бибосынов (54 келі), Серік Теміржанов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (86 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: