"Қайрат" – "Олимпиакос": Астана Арена стадионына қалай тез әрі тегін жетуге болады

Автобус, Астана, матч, футбол, Қайрат, Олимпиакос, Астана Арена , сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2025 19:54 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Елорданың "Астана Арена" стадионында 9 желтоқсанда Чемпиондар лигасының аясында "Қайрат" – "Олимпиакос" матчы өтеді. Көрермендер үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 8 желтоқсанда қала әкімдігі хабарлады.

Қала әкімдігі матч күні стадионға қатынайтын шамамен 25 автобус ұйымдастырады.

Автобустар мына орындардан қатынайды:

  1. "Қалалық цирк" автотұрағы;
  2. "Әзірет Сұлтан" мешітінің автотұрағы;
  3. "Қазақстан" спорт кешенінің автотұрағы;
  4. Орталық парк автотұрағы;
  5. "Бас Мешіт" автотұрағы.

Автобустар 18:00-де қозғала бастайды және екі бағытта қатынайды. Көрермендерге жиналу орындарына 17:30-ға дейін келу ұсынылады.

"Матч кезінде Астана қаласының полиция департаменті қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шамамен 2800 полиция қызметкері жұмылдырылады, оған патрульдік бөлімшелер, учаскелік инспекторлар және кинологиялық қызмет кіреді".

Қабанбай батыр мен Тұран даңғылдарында көлік қозғалысына шектеулер енгізілмейді.

Астана полициясы көрермендерге қоғамдық тәртіпті сақтауды, құқық қорғау қызметкерлерінің нұсқаулықтарын орындауды ескертеді және матчқа қауіпсіз әрі ыңғайлы жету үшін ұйымдастырылған қоғамдық көлікті пайдалануды ұсынады.

Бұған дейін "Қайрат" футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: