"Ливерпуль" құрамасының жарық жұлдызы маңызды матчтан қағылды
Сурет: Instagram/mosalah
"Ливерпуль" командасының танымал шабуылшысы Мұхамед Салах жуырда италиялық "Интер" құрамасымен өтетін ойынға қатыспайды. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.
Ақпаратты 8 желтоқсанда ағылшын чемпиондарының баспасөз қызметі ресми түрде таратты. Салах "Ливерпульдің" Италияға аттанған 19 ойыншысының қатарына енбеді.
Айта кету керек, Мұхамедтің жарақаты жоқ және сары карталар бойынша шектеуі де жоқ. Ойыннан шектетілуінің себебі тек біреу: жақында клуб бапкерін сынға алғаны үшін.
Дегенмен, БАҚ-та тараған ақпараттарға сүйенсек, бұл әрекет ойыншыға жаза ретінде емес, тек болған жайттарды саралауға берілген қысқа үзіліс ретінде берілген.
"Әдетте мен сабырлы әрі сыпайымын, бірақ бұл мен әлсізбін деген сөз емес. Егер ойыншы осындай пікір білдірсе, мен де, клуб та оған жауап беруіміз керек. Біз қалай әрекет еттік – оны көріп отырсыздар, ол мұнда жоқ. Мен өз беделімнің төмендегенін сезбеймін", – деді "Ливерпуль" бас бапкері Арне Слот.
Бұған дейін 50 жастағы гимнастика аңызы 2028 жылғы Олимпиадаға қатысуды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript