Футболдан Африка кубогының ширек финалына қатысушы төрт жұп команда анықталды
Сурет: Instagram/caf_online
7 қаңтарға қараған түні футболдан Африка Ұлттар кубогы (АҰК) финалының 1/8 кезеңіндегі барлық кездесуі өз мәресіне жетті. Турнирдің келесі кезеңіне арналған жолдаманы Алжир мен Кот-д'Ивуар командалары ұтып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алжир құрамасы АҰК-2025 финалының 1/8 кезеңінде Конго өкілдерін 1:0 есебімен жеңді, ал Кот-д'Ивуар Буркина-Фасоны 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Осылайша, Африка Ұлттар Кубогының ширек финалына қатысушы барлық команда анықталды.
9 және 10 қаңтарда Африка кубогының жартылай финалына арналған жолдамаларға келесі жұптар таласатын болады:
- Мали-Сенегал.
- Мысыр-Кот-д'Ивуар.
- Камерун-Марокко.
- Алжир-Нигерия.
Бұған дейін 1 қаңтарға қараған түні Африка Ұлттар Кубогы (АҰК) топтық кезеңнің барлық матчты өз мәресіне жетіп, турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы төрт команда анықталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript