Қытайда өтіп жатқан АТР 250 турнирінде Александр Бублик финалға шықты

Александр Бублик, Ганконг, Қытай, теннис, АТР 250, финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2026 17:58 Сурет: ktf.kz
Гонконгта ATP 250 сериясындағы осы маусымдағы алғашқы турнирлердің бірі аяқталады. 11 қаңтарда жекелей сында жаңа чемпион анықталады, бұл ретте қазақстандық Александр Бублик те титул үшін таласатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бірнеше минут бұрын Гонконгтағы турнирдің жартылай финалында еліміздің үздік теннисшісі америкалық Маркус Жиронды (№64 ATP) жеңді.

Бұл жеңіске жету үшін әлемнің 11-ші ракеткасы 1 сағат 42 минут уақытын жұмсап, үш сетте де өнер көрсетті. Есеп – 3:6, 6:4, 6:2.

Енді ATP 250 титулы үшін таласты матчта , яғни ертең, 2026 жылдың 11 қаңтарында Александр жартылай финалда ресейлік Андрей Рублевтен мықтырақ болып шыққан, итальяндық Лоренцо Музеттаға қарсы ойын өрнегін көрсетеді.

9 қаңтарда Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы ағымдағы жарыстың 1/4 финалында ұйымдастырушылар Wild card табыстаған Шан Цзюньчэнді жеңіп кеткен болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: