Александр Шевченко Аустралияда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды

Александр Шевченко, Аустралия, теннис, АТР 250, 1/4 финал, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 22:57 Сурет: ҚР ҰОК
Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Аустралияның Аделаида қаласында өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шығу үшін сынға түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз жекелей сайыстың 1/8 финалында Мажарстан өкілі Мартон Фучовичпен кездесті, деп хабарлайды ҚР ҰОКбаспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 55-орында тұрған қарсыласын 6:3, 7:6 есебімен ұтты.

Енді Александр Шевченко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 36-ракеткасы, Франция спортшысы Уго Умбермен кездеседі.

Бұған дейін Елена Рыбакинаның Australian Open–2026 турнирінде жеңіске жету мүмкіндігі бағаланғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: