Екі алтын: Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында бес медальға ие болды

Екі алтын: Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында бес медальға ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 19:31 Сурет: olympic.kz
Қазіргі таңда Доха (Қатар) қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандастарымыз турнир аясында 5 медальға ие болды. Оның ішінде: 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.

Әйелдер арасындағы "скит" сайысында Адель Садақбаева үздік атанды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен Ольга Хайлова үшінші орын алды.

Одан бөлек, "скит" дисциплинасында әйелдер құрамасы командалық сайыста алтыннан алқа тақты. Құрама сапында Адель Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай ел намысын қорғады.

Ерлер арасындағы бәсекеде Эдуард Ещенко күміске медальға қол жеткізді. Ол "скит" сайысында топ жарды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен ерлер құрамасы командалық сайыста қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: