Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохадағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді

Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохадағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2026 12:27 Сурет: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Қатар астанасы Дохада стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Осы жарыста отандастарымыз үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдені қанағат тұтты,

Ситтен аралас жұптық сында бақ сынаған отандастарымыз Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко үздік үштікті түйіндеді. Бұл бағдарламада Қатар құрамасы жеңімпаз болса, күміс Корея өкілдеріне бұйырды.

Айта кетейік, қаңтардың 22-не дейін жалғасатын сары құрлық додасына 17 елден 196 атлет қатысып жатыр. Бұдан алдын спортшыларымыз 4 жүлде жеңіп алған болатын.

Атап айтақ, скиттен әйелдер арасында Адель Садақбаева алтын, ал Ольга Хайлова қола медаль алды. Сондай-ақ командалық бәсекеде аруларымыз топ жарса, ерлер құрамасы қола жүлдені қоржынға салды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: