Михаил Шайдоров Олимпиада алдындағы топ-турнирде жүлдегерлер тізіміне енген жоқ

Михаил Шайдоров Олимпиада алдындағы топ-турнирде жүлдегерлер тізіміне енген жоқ, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2026 10:34 Сурет: Instagram/mikhail_shaidorov
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Бейжіңде (Қытай) өткен төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz дерегіне сүйенсек, қысқа бағдарламадан кейін қазақстандық төртінші орынға жайғасқан. Осылайша, бұл ойынды ол 175,65 ұпаймен аяқтады.

Қорытындылай келгенде спортшы барлығы 266,20 ұпай жинаған. Нәтижесінде қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы бесінші орынды иеленді.

Алғашқы орынды 273,73 ұпаймен Као Миура (Жапония) жеңіп алды. Күмісті 273,62 баллмен Джун Хван (Оңтүстік Корея) иеленсе, үздік үштікті Сота Ямамото (270,07) аяқтады.

Өз кезегінде, қазақстандық Диас Жиренбаев 20-шы (185,43) орынға жайғасса, Олег Мельников – 21-ші (164,34) болды.

Айта кетейік, өткен жылы Шайдоров бұл турнирде жеңіске жеткен еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: