2026 жылғы Олимпиададағы шаңғы жарысы: қазақстандықтар спринтте сынға түсті

2026 жылғы Олимпиададағы шаңғы жарысы: қазақстандықтар спринтте сынға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 18:20 Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысынан спринт бағдарламасы бойынша жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іріктеу кезеңіне Қазақстан атынан төрт спортшы қатысты. Жарыс жолына Надежда Степашкина, Анна Мельник, Ксения Шалыгина және Дарья Ряжко шықты.

Келесі кезеңге өту үшін іріктеу қорытындысы бойынша үздік 30 спортшының қатарына ену қажет болды.

Нәтижесінде Дарья Ряжко 55-орын, Анна Мельник 58-орын, Надежда Степашкина 63-орын, ал Ксения Шалыгина 72-орын иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: