14 жастағы Ахмади Маханов мансабындағы алғашқы ITF Juniors титулын жеңіп алды

14 жастағы Ахмади Маханов мансабындағы алғашқы ITF Juniors титулын жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2026 22:41 Сурет: ktf.kz
Бахрейнде өткен ITF Juniors J30 санатындағы додада қазақстандық жас талант Ахмади Маханов жеңімпаз атанды. 14 жасар спортшы үшін бұл халықаралық деңгейдегі жеке сындағы алғашқы жүлдесі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жетістік Махановтың еліміздегі ең үздік жас ойыншылардың бірі екенін тағы да дәлелдеді. Жас ерекшелігіне қарамастан, отандасымыз кортта жоғары шеберлік көрсетіп, шешуші ойында қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Ахмадидің бұл нәтижесі оның жүйелі еңбегінің жемісі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша ол Еуропалық теннис қауымдастығының (Tennis Europe Tour) "Жылдың үздік шетелдік ойыншысы" мәртебелі марапатына ие болған еді. Бұл номинация Еуропа аймағынан тыс елдерден шыққан ең үздік ойыншыларға ғана беріледі.

Өткен маусымдағы жоғары көрсеткіштерінің арқасында ол 16 жасқа дейінгілер арасындағы еуропалық рейтингте 24-ші орынға тұрақтады. Бахрейндегі жеңіс 14 жасар теннисшіге әлемдік жасөспірімдер рейтингінде де өз орнын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: