XDS Astana Team құрамасы ірі жеңіске қол жеткізді
Сурет: Instagram/xds_astana_team
Беделді веложарыс – "Оман туры" өз мәресіне жетті. Додада бірден екі қазақстандық жеңіс тұғырынан көріне білді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Грин Маунтайн тауына шығу бойынша финалдық кезеңде , "Астана" командасының итальяндық велошабандозы Кристиан Скарони жарқын жеңіске жетті. Ал екінші легионеріміз, испандық Кристиан Родригес финишті екінші орында аяқтады. Үздік үштікті Адам Йейтс қорытындылады.
Сонымен қатар, Кристиан Скарони ұпайлық есеп бойынша ең үздік шабандозға берілетін жасыл жейдені жеңіп алды, ал XDS Astana Team командалық есепте бірінші орынға шықты.
Осылайша, "Оман туры" қорытындысы бойынша XDS Astana Team үш жылдық Әлемдік турдың (2026–2028) командалық рейтингінде 2488 ұпаймен көшбасшы болды.
Бұған дейін қысқы Олимпиадада 12 ақпан күні отандастарымыздың арасынан кімдер жарысқа түсетіндігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript