Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-при турнирін екі медальмен аяқтады

Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-при турнирін екі медальмен аяқтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 17:05 Сурет: International judo federation
Австрияның Линц қаласында дзюдодан Гран-при турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы жарыс күнінде ел намысын бес дзюдошы қорғады.

Дегенмен финалдық кезеңге дейін Ақерке Рамазанова (78 келіден жоғары) ғана жетті. Отандасымыз қола жүлде үшін өткен белдесуде Эмма-Мелис Актасқа (Эстония) жол берді.

Ал Аида Тойшыбекова (78 келіден жоғары), Айдар Арапов (90 келіге дейін), Марат Байқамұров (100 келіге дейін), Нұрлыхан Шархан (100 келіге дейін), Жантілек Нұртілепұлы (100 келіден жоғары) финалдық кезеңге өте алмады.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Гран-при турнирін екі медальмен аяқтады. Бұған дейін Әділет Алмат (81 келіге дейін) алтын алса, Шерзод Давлатов (60 келіге дейін) қола медаль еншілеген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: