Олимпиада-2026: биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында із кесу жарысы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спринт қорытындысы бойынша із кесу жарысына Владислав Киреев жолдама алған еді. Ол 51-нөмірмен, көшбасшыдан 2 минут 49 секунд айырмашылығымен жарыс жолына шықты.
Төрт ату айлағы бар жарыста Киреев төрт рет мүлт кетіп, көшбасшыдан төрт минуттан астам уақытқа артта қалып, 42-орында мәре сызығын кесті.
Швециялық Мартин Пансилуома жарыс жеңімпазы атанды. Екінші орынды норвегиялық биатлоншы Стурла Холм Легрейд иеленсе, үздік үштікті франциялық Эмильен Жаклен түйіндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript