Михаил Шайдоровтың олимпиадалық образын алматылық дизайнерлер әзірледі

Михаил Шайдоровтың олимпиадалық образын алматылық дизайнерлер әзірледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2026 10:57 Сурет: Instagram/zhsaken
Михаил Шайдоровтың 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарындағы еркін бағдарламаға арналған киімін Next Designer Award–Empowered by Visa байқауының финалисі Ақмарал Жарасқызы дизайнер Сакен Жасыбаевпен бірлесіп әзірлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы дизайнерлер өздерінің Instagram парақшаларында жазды.

Сурет: Instagram/zhsaken

"Спортшының таланты мен дизайн өнері тоғысқанда, аңыз туады", – деп жазды олар.

Айта кетейік, Шайдоровтың сахналық образы Vogue Italia редакциясы дайындаған 2026 жылғы Олимпиаданың ең сәнді қатысушылары туралы онлайн-шолуға енді.

Сурет: vogue.it

Шолу авторлары костюмдегі драпировка элементтеріне, матаның градиентіне және фактуралардың контрастына ерекше назар аударған. Редакцияның бағалауынша, бұл образ "Дюна" фильміндегі кейіпкерлер стилін еске салады.

"Костюмнің визуалды шешімі режиссер Дени Вильнёвтің футуристік әлем эстетикасымен үндеседі", – деп атап өтті Vogue.

Бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: