Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасы 28 жыл бұрынғы үздік көрсеткішін қайталады

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасы 28 жыл бұрынғы үздік көрсеткішін қайталады, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2026 18:10 Сурет: olympic.kz
Италияның Валь-ди-Фьемме кластерінде шаңғымен тұғырдан секіруден үлкен трамплиндегі командалық сайыс өтіп жатыр. Илья Мизерных пен Данил Васильевтен құралған жұп жарысты 11-орынмен аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

17 ел сынға түскен бәсекеде отандастарымыз алғашқы айналымнан сәтті өте алды және 11-орынға тұрақтады. Дәл осындай нәтижені 1998 жылы Нагано Олимпиадасында Павел Гайдук, Александр Колмаков, Дмитрий Чвыков, Станислав Филимоновтан құралған команда тіркеген еді.

Айта кетейік, шаңғымен тұғырдан секіруден командалық сайыста отандастарымыз ең кейінгі рет 20 жыл бұрын Турин Олимпиадасына қатысқан.

Осылайша бұл спорт түрінен біз үшін Милан Олимпиадасы тәмам.

Басты жетістігіміз – Илья Мизерных үлкен трамплиндегі сайыста 8-орын алуы арқылы ел тарихының ең үздік спортшысы ретінде есте қалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: