Шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Рақпаров 2026 жылғы Олимпиададағы өнерін аяқтады
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Шыңғыс Рақпаров шаңғы қоссайысынан Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз тұғырдан секіру нәтижесі бойынша 35-орынға жайғасты. Шаңғы жарысында спортшы дәл осы орыннан, көшбасшыдан 4 минут 6 секунд айырмашылықпен жарыс жолына шықты.
Нәтижесінде Рақпаров 32-орында мәреге жетіп, жеңімпаздан 7 минут 57 секундқа артта қалды.
Норвегиялық Енс Лурос Офтебру екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Австриялық Йоханнес Лампартер екінші орынға ие болды. Ал үздік үштікті финляндиялық Илькка Херола түйіндеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript