Миланда кездесіп қалған Михаил Шайдоров пен Снуп Догг билей жөнелді
Сурет: видеодан алынды
2026 жылғы қысқы Олимпиада чемпионы, отандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров тағы да жұрт назарына ілікті. Ол Instagram-дағы парақшасында америкалық рэпер Снупп Доггпен бірге түскен видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнетаспа әйгілі Миландағы Дуомо соборы алдында түсірілген. Видеода Шайдоров пен Снупп Догг суретке түсіп, жылы сөйлеседі және рэпердің атақты биін орындайды. Кездесу соңында Снупп Догг жерлесімізді құшақтап, қол алысып, онымен емін-жарқын қоштасты.
"Не дейміз енді бұған!", деп жазды видео астына спортшы 2026 жылдың 18 ақпанында.
Айта кетсек, Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында осымен екінші алтын медальға қол жеткізді. Біріншісін 1994 жылы Владимир Смирнов тарту етті. Шайдоровтың "алтыны" мәнерлеп сырғанаудан алынған Қазақстан үшін біріншісі болып табылады. Бұған дейін Денис Тен 2014 жылы қола медаль иеленген.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript