Михаил Шайдоров Instagram-дағы парақшасында алғашқы жазбасын жариялады

Михаил Шайдоров, Instagram, жазба , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 11:10 Сурет: Сали Сабиров
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров бүгін, 2026 жылғы 14 ақпанда өзінің Instagram-дағы парақшасында алғашқы жазбасымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желідегі парақшасында жеңісті сәт - Олимпиада мұз айдынында Қазақстан туын ұстаған суретін жариялап, оның астына алматылық, 21 жастағы отандық мәнерлеп сырғанаушы былай деп жазды:

"Әр күн алдыңғысынан да тартымдырақ, мен мұны жақсы білемін: шектеу деген жоқ".

Айта кетсек, Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында осымен екінші алтын медальға қол жеткізді. Біріншісін 1994 жылы Владимир Смирнов тарту етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: