Фристайл-акробатика: қазақстандық спортшылар Олимпиаданың финалына өте алмады
Сурет: olympic.kz
Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиадада сынға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Роман Иванов, Асылхан Асан, Дінмұхаммед Райымқұлов және Шерзод Хаширбаев алғашқы іріктеу кезеңінде бақ сынады.
Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Роман Иванов өзінің үздік мүмкіндігінде 105.75 ұпай жинап, жалпы есепте 13-орынға жайғасты. Шерзод Хаширбаев үздік талпынысында 98.67 ұпай еншілеп, 16-орынға ие болды. Ал Асылхан Асан 93.21 ұпаймен 18-орынға тұрақтаса, Дінмұхаммед Райымқұлов 90.50 ұпаймен 19-орыннан көрінді.
Осылайша отандастарымыз финалға өте алмады. Айта кетейік, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша үздік 12 спортшы финалға жолдама алады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript