Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2026 17:11 Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында фристайл-акробатикадан аралас командалар арасындағы жарыстың алғашқы финалы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасының сапында Аяна Жолдас, Асылхан Асан және Роман Иванов өнер көрсетті.

Отандастарымыз жалпы есепте 213,93 ұпай жинады. Бұл нәтиже командаға жеті құраманың ішінде жетінші орын алуға мүмкіндік берді.

Екінші финалға төрт құрама жолдама алды. АҚШ құрамасы (351,23 ұпай) аралық есепте көшбасшы атанды. Сондай-ақ Қытай (315,02), Аустралия (289,04) және Швейцария (278,48) құрамалары іріктеуден өтті.

Осылайша, қазақстандық фристайлшылар Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарындағы жарыс жолын аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: