Софья Самоделкина: Қазақстан – менің анамның Отаны
Сурет: Сали Сабиров
Италияда өткен Олимпиада ойындарының мәнерлеп сырғанау жарысына қатысқан 19 жастағы Софья Самоделкина 24 ақпанда өзінің Telegram-арнасында Қазақстанға арнап кең көлемді жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Спортшының айтуынша, оның өміріндегі жаңа кезең 2023 жылы басталған. Дәл сол жылы ол анасының Отаны – Қазақстан Республикасының атынан өнер көрсете бастаған.
"Бұл – мен үшін үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Маған сенім артты. Маған тұтас бір ел қолдау білдіріп отыр. Қазақстан Республикасына көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін шын жүректен алғыс айтамын", – деді Софья Самоделкина.

Сурет: Сали Сабиров
Мәнерлеп сырғанаушы өзіне қолдау көрсеткен жандарға ризашылығын білдірді.
"Ең алдымен анама алғыс айтқым келеді. Табандылығы, талапшылдығы, төзімі және өзім күмәнданған сәттерде де маған сенгені үшін рахмет. Бұл – оның да Олимпиадасы", – деп атап өтті спортшы.
Сондай-ақ Самоделкина жанкүйерлеріне ерекше алғыс білдірді.
"Мен өнер көрсеткен сәтте жүректеріңіздің қалай дүрсілдегенін білемін. Қолдауларыңызды сезіндім. Хабарламаларыңыз, тулар, жылы сөздеріңіз – әрдайым менімен бірге жүретін қуат", – деді ол.

Сурет: Сали Сабиров
Бұған дейін Қазақстан конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінде 13 медаль жеңіп алғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript