Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан Угандада өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бадминтоннан Угандада өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.02.2026 19:19 Сурет: olympic.kz
Угандада бадминтоннан жасөспірімдер арасында Uganda Junior International 2026 халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы аталған жарыста төрт медаль жеңіп алды.

Қыздар арасындағы жұптық сында Диана Наменова мен Алиса Кулешова ел қоржынына алтын медальді салды.

Диана Наменова жекелей сында да күміс жүлдегер атанды. Ал Арнұр Тәпішев пен Мұстафа Мәлікжанов ерлер арасындағы жұптық бәсекеде екінші нәтиже көрсетті.

Сондай-ақ турнир қорытындысы бойынша құрамамыз бір қола медаль еншіледі. Аралас жұптық сында Алиса Кулешова мен Тимур Бурханов үшінші орынға ие болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: