Конькимен жүгіру: әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандықтар қалай өнер көрсетті

Конькимен жүгіру: әлем чемпионатының алғашқы күнінде қазақстандықтар қалай өнер көрсетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.03.2026 17:09 Сурет: olympic.kz
Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден спринтерлік көпсайыстан әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем біріншілігінде Қазақстан атынан Артур Галиев пен Арина Ильященко өнер көрсетуде.

Жарыстың алғашқы күні 500 және 1000 метр қашықтықтарындағы алғашқы сайыстар өтті.

Нәтижесінде отандастарымыз жалпы аралық есепте мынадай орындарға жайғасты:

Артур Галиев – 26-орын (жалпы 70.905 ұпай)

Арина Ильященко – 19-орын (77.660 ұпай)

Бүгін, 6 наурызда осы қашықтықтарда екінші сайыс өтеді. Соның қорытындысы бойынша жинаған ұпай санына қарай әлем чемпионатының жеңімпаздары анықталады.

Қазіргі уақытта Фемке Кок (Нидерланд) пен Йеннинг де Бу (Нидерланд) көш бастап тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: