Путинцева Индиан-Уэллс турнирінің үшінші айналымына өте алмады
Сурет: j48tennis
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (әлемнің 76-ракеткасы) АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан "Мастерс" санатындағы жарыстың үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юлия Путинцева жекелей сындағы екінші айналымда даниялық Клара Таусонға (әлемнің 17-ракеткасы) 6:7 (9:11), 2:6 есебімен есе жіберді.
Кездесу 2 сағат 11 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева бір қос қателік жіберіп, тоғыз брейк-пойнттың үшеуін ғана сәтті пайдаланды.
Келесі айналымда Таусон аустралиялық Талия Гибсонмен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасы дзюдодан Аустриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript