Михаил Шайдоровтың костюмі үшін дауыс беру басталды

Михаил Шайдоровтың костюмі үшін дауыс беру басталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 13:50 Сурет: Сали Сабиров
Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) тарапынан "Үздік костюм" номинациясына ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшының сахналық образына дауыс беру ISU ресми сайтында 18 наурызға дейін жүргізіледі. Нәтижелерді ұйымдастырушылар 29 наурызда Прагада жариялауды жоспарлап отыр. Тікелей трансляция Skating ISU YouTube-арнасында көрсетіледі.

Сурет: isu-skating


"ISU Figure Skating Awards – жыл сайын өтетін шара, ол үздік мәнерлеп сырғанаушыларға арналған. Бұл беделді іс-шара тек әлемдік көрермендерді өзінің шығармашылығымен және көрнекілігімен таңғалдырушы спортшыларды ғана емес, сондай-ақ сахна артында жұмыс істейтін адал бапкерлерді, хореографтарды және костюм дизайнерлерін де дәріптейді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Михаил Шайдоров костюмін Олимпиада музейіне тапсырғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: